Болат Назарбаевтан қалған "Барыс" базарының орнына индустриялды аймақ салынады
Фото: azh.kz
"Барыс" базарының марқұм Болат Назарбаевға тиесілі жерін мемлекетке қайтару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімнің айтуынша, "Барыс" базарына қатысты сот істері әлі жалғасып жатыр.
"11 гектар жер қайтарылды. Қалған жерлерді қайтару бойынша қазір прокуратура жұмыс жүргізіп жатыр. Жерлер бірнеше рет сатылған. Сондықтан, келісімшарттарды бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Ол жерге қатысты жоспарымыз бар. Жол бойында инфрақұрылым тартылып, асфальт төселген. Ол жерді индустриялды аймаққа айналдыру жоспарланып отыр. Ол жақта халықтың көптігін ескеріп, елді тігін фабрикаларында жұмыспен қамтуға болады",- деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында инвесторларға арналған 15 жаңа индустриалды аймақ құрылатыны хабарланған еді.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді