Болат Әбіловке 153 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
Қазақстандық кәсіпкер Болат Әбілов 13 ақпан күні Қаңтар құрбандарын еске алу митингін ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны 50 АЕК (153 150 тг) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Вадим Борейко Facebook парақшасында жазды.
Айтуынша, прокурор Болат Әбіловке 15 АЕК (45 945 тг) көлемінде айыппұл тағайындауды сұраған. Ал сот 50 АЕК көлемінде айыппұл белгілеген.
"Мұны дәл қазір Болат маған жіберген видеодан көруге болады", - деді журналист.
Айта кетейік, Қазақстанда 2022 жылы 1 АЕК - 3063 теңгеге тең.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Болат Әбіловтің тұтқындалғанын жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған