Болат Әбіловті қаңтар құрбандарын еске алу митингін ұйымдастырғаны үшін полиция тұтқындады
Қазақстандық белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Болат Әбілов Алматыда қаңтар құрбандарын еске алу митингісін ұйымдастырғаны үшін қамауға алынды. Полиция оны үйінен алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Вадим Борейко Facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, Әбілов өзіне хабарласып, әкімшілік құқық бұзушылық заңның 488 бабының 7 бөлімі бойынша айып тағылғанын жеткізген.
"Оны 13 ақпан күні Республика алаңында митинг ұйымдастырғаны үшін алып кеткен", - деп жазды журналист.
- "Арман Жұмагелдиевпен ешқандай байланысы жоқ": Бердах Бекетовтің әпкесі қамаудағы інісінің қазіргі жағдайы туралы айтты
- Қаңтар оқиғаларынан кейін азаптау фактісі бойынша 9 құқық қорғау қызметкері ұсталды
Бұған дейін қаңтар құрбандарына арналған митингтің тағы бір ұйымдастырушысы белсенді Жанболат Мамайдың да ұсталғаны белгілі болған.
Еске салайық, 13 ақпанда Алматыдағы Республика алаңына халық жиналып, қаңтар қырғынында қаза тапқан құрбандарды еске алған еді. Шеруге шыққандар биліктен бейбіт азаматтарға оқ атқандарды жауапқа тартуды және ешқандай дәлел-дәйексіз абақтыда азап шегіп жатқандарды босатуды талап еткен.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан