Бокстан Азия чемпионатында бұрымды боксшыларымыз топ жарды
Фото:Stan.kz collage
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатында қазақтың қос боксшысы топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Надежда Рябец 70 келіде құрлықтық доданың финалында Өзбекстан елінің өкілі Рухшона Парпиевамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде 5:0 есебімен Надежда Рябец жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.
Сондай-ақ +80 келіде сынға түскен Дина Исламбекова ақтық бәсекеде үндістандвқ Алфия Пазанмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Шешуші бәсекеде жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіп, алты жүлдені өз еншісіне жазды.
Айта кетейік, бұған дейін бұрымдыларымыз Азия чемпионатынан 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болған еді. 70 келіде Бақыт Сейдіш күміс медаль еншілесе, 48 кг Айгерім Сәттібаева мен 75 келіде Валентина Хальзова қола жүлдені қанағат тұтқан.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген

