Блогер жасырған сағатты жаппай іздеген ақтаулықтар видеоға түсіп қалды (видео)
Қазақстандық блогер Нұрдәулет ("Қарапайым қазақ") әлеуметтік желілерде Ақтау жағалауында сағат жасырғанын айтты. Осылайша ол желідегі жазылушылары арасында конкурс ұйымдастыруды қалаған. Нәтижесінде ақтаулықтар жаппай сағатты іздеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылмына сілтеме жасап.

Блогер конкурс туралы ақпаратты Instagram парақшасында жариялады. Сторизде әйгілі брендтің сағатын жасырған жерді көрсетті.
Ол сыйлықты Ақтау қаласының 15-ші шағын ауданындағы жағалауда қалдырған.
Біраз уақыттан кейін сағатты іздеуге жергілікті тұрғындар жинала бастады. Жастар сағаттарды табуға тырысып, жағалауды тексерді.
Адамдар көп жиналғаны үшін блогерге жауапкершілік қауіпі төніп тұр ма, жоқ па әлі белгісіз.
Айта кетейік, Нұрдаулетке Instagram-да 2 миллионнан астам адам жазылған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған