Блогер Талғар әкімдігінің жанындағы тұрақта "халық қалаулыларының" қымбат көліктерін көрсетті
Видеоблогер Ринат Кибраев Талғар қаласы әкімдігінің жанындағы тұрақта болып, "халық қызметшілері" қандай көлікпен жүретінін көрсетті. Видео LIFE KZ YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл олардың автопаркі. Біздің шенеуніктерді автомобильдермен қамтамасыз етуге қанша миллион теңге жұмсалғанын көрейік. Қазақстан, әсіресе Талғар ауданы өркендеп келеді. Шенеуніктер жыл сайын жаңа көліктер сатып алуы керек", - дейді блогер.
Тағы бір видеода Кибраев Талғар әкімдігіне қарама-қарсы тұраққа қойылған автокөлікке назар аударды.
"Кейін біз оның жергілікті мәслихат депутаты екенін білдік. Жақын жерде болған полицейлер болып жатқан оқиғаларды үнсіз бақылап, заң бұзушылықтарды елемеді", - делінген жазбаның сипаттамасында.
"Халық қалаулылары" жол ережесін бұзып, жаяу жүргіншілер жолағының жанына көлігін қойған, бұл ретте талап етілетін қашықтық сақталмаған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды