Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Руслан Жанпейісов не үшін тұтқындалды? ІІМ мән-жайды айтты

Ішкі істер министрлігіндегілер блогер, белсенді Руслан Жанпейісовтің тұтқындалуының мән-жайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Блогер Руслан Жанпейісов не үшін тұтқындалды? ІІМ мән-жайды айтты

ІІМ мәліметінше, 11 маусымда Шымкент полициясына қоңырау түсіп, зардап шегуші мотоцикл мінген белгісіз біреудің өз көлігінің ізіне түскенін айтқан. Ер адам көлігін тоқтатқаннан кейін, өзін аңдыған адам еш себепсіз көзіне аэрозольді құралды сеуіп жібереді. Хабарланғандай, тергеу барысында бақылау камераларындағы жазба тексеріліп, тұтқындалған белсендінің бұзақылық әрекеттерін растаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келтірілген. Осыған байланысты 26 қыркүйекте «Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сонымен қатар полиция қызметкерінен шағым түсіп, ол Жанпейісовтің өзіне балағат сөздер айтқанын жеткізген. Сараптама қорытындысы бойынша, тұтқындалушының полицеймен әңгімесінде бейәдеп және кемсіту сипатындағы сөздер айтылған. Бұл дерек бойынша «Билік өкілін кемсіту» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бұған дейін хабарланғандай, Жанпейісов 26 қыркүйекте ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылған

Сонымен қатар ІІМ-дегілер блогердің бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғанын мәлімдеді. Ол ұрлық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені және ақпаратқа қол жеткізу үшін арнайы құралды заңсыз пайаланғаны үшін үш рет сотты болған. 

Талқылау