Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай қиындықсыз": Алматыда блогер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматыда қазақстандықтарды Жапония мен Кореяға "ешқандай қиындықсыз" виза әперемін деп алдаған азамат ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Ұсталған ер адам – Түркістан облысының тумасы. Ол бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Он мың аудиториясы бар блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдарын айтқан. Сондай-ақ "ешқандай қиындықсыз" осы елдерге виза алу үшін қажет құжаттарды дайындап беретінін айтқан. 



“22 жастағы күдікті қамауға алынды. Тергеудің осы кезеңінде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. "Қызмет" үшін алдын ала төлем сомасы 100-ден 500 мың теңгеге дейін өскен. Алданғандар көп болуы мүмкін. Заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтар болса, осы нөмірге қоңырау соғуларыңызды сұраймыз: 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40", – деді Медеу аудандық ІІБ бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда заманауи көшпенділер үшін виза 2024 жылдың соңына дейін енгізілетіні туралы хабарланған еді. 

Талқылау