Блогер Әсел Асқар тағы да сәбилі болғысы келетінін айтты
Отандық блогер, тележүргізуші Әсел Асқар марқұм ұлының қазасынан кейін сәбилі болғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/assel.askar
“Блогер әлеуметтік желіде оқырман сауалдарына жауап берді. “Тағы да сәбилі болғыңыз келе ме?” деген сұраққа ол: “Әрине, бөпелі болғым келеді, сәбидің иісін аңсаймын. Маған ұқсайтын балам болғанын қалаймын. Айбарс маған қатты ұқсайтын еді. Мен сияқты аққұба, анамның айтуынша, иісі де бала кездегі менің иісіме ұқсайды екен. Біздің кішкентай кезіміздегі суреттерден ұқсастығымызды байқауға болады. Бет-әлпеті, мимикасы, тіпті мінезі де дәл менікіндей. Сәбилі болып сол кезеңдерді қайта бастан өткергім келеді. Бұйырса ол да болады”, – дейді блогер.
Әсел Асқар болашақта қызы болса, басқалар секілді оған ақыл айтып, басын қатырмайтынын айтты.
“Қызым болғанын қалаймын. Бірақ өзі менен сұрамайынша, қызыма ақыл айтпас едім. Оны кішкентайынан ешкімнің ақылына мұқтаж болмайтындай өсіретін едім. Қызыма бар махаббатымды берер едім. Ол мықты болуға мәжбүр болмас үшін, нәзік гүлдей құлпырып бой жету үшін барымды саламын”, – дейді Әсел Асқар.