БҚО полиция департаменті 900 мың теңгеге массаж креслосын сатып алмақ
БҚО полиция департаменті массаж креслосын сатып алмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпара агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай креслоларды орнату идеясын Ішкі істер министрлігі ұсынған. Хабарламада массаж креслолары полиция қызметкерлерінің психологиялық күйзелістен арылуына көмектесетіні және жедел тапсырмаларды орындағаннан кейін қызметкерлердің жұмысын қалпына келтіруге арналғаны айтылған.
Бұған дейін жергілікті қоғам белсендісі Самал Оразғалиева мемлекеттік сатып алулар сайтында Батыс Қазақстан облысы ПД 892 мың теңгеге массаждық кресло сатып алуды жоспарлағанын айтып ақпарат таратқан. Қоғам белсендісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі