БҚО-да шекарадағы бақылау-өткізу бекетін айналып өтпек болған Үндістанның 27 азаматы ұсталды
БҚО-да шекарадағы бақылау-өткізу бекетін айналып өтіп кетпек болған Үндістанның 27 азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бәйтерек ауданының №2 соты Үндістанның 27 азаматына қатысты әкімшілік істі қарады. Олар Қазақстанның мемлекеттік шекарасының режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктер шекара сызығынан 35 метр жерде бақылау-өткізу бекетін айналып өтпек болған.
Үндістан азаматтары өз кінәларын толық мойындап, елден кетуге мүмкіндік беруді сұрады. Сот оларға белгіленген уақыт аралығында Қазақстаннан кетуге мүмкіндік берді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”