Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да "оқушының зорланғанын жасырды" деп айыпталған директорға сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық соты мектеп-гимназияның директоры Лариса Қожахметованы оқушының зорланғанын хабарламағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

сот

Сот мәліметінше, 2019 жылдың наурыз айында Қожахметова мектеп психологтары мен бесінші сынып оқушыларынан қызды өгей әкесі туралы естіген

"Қожахметова өзінің кабинетіне мектеп қызметкерлерін жинаған. Жиналыста ол қарамағындағыларға болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға тыйым салды. Сондай-ақ, директор оқушының анасынан қызын басқа мектепке ауыстыруды талап етті. Қожахметованың несқұрайдылығынан өгей әкесін оқушыға тағы екі рет жыныстық азғындық көрсеткен. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, бетпе-бет ставкалар хаттамаларымен дәлелденді", - деді сотта.

Айта кетейік, Қожахметова өз кінәсін мойындамады және соттан өзін ақтауды сұрады.

Директордың адвокат Айсұлу Билалиева қорғаушы тарап сот үкіміне шағым түсіретінін айтты.

"Мұндай жағдайға кез келген мектеп директоры тап болуы мүмкін. Лариса Қожахметованың үш баласы бар. Ол жұмыстан шеттетілді. Ол отбасын асырауы керек. Бұл әділетсіз шешім", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік,

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы  мектеп-гимназияның директоры Лариса Қожахметова кәмелет жасына толмаған оқушы қыздың зорлық көргенін хабарламағаны үшін айыпты деп танылған.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, ауыл тұрғыны он жастағы өгей қызына үш жыл бойы азғындық әрекет жасаған. Бірақ анасы ғана емес, мектептегі ұстаздары да қорғансыз періштеге ара түспеген.

Өгей қызына озбырлық жасаған ер адам 22 жылға сотталды

Талқылау