БҚО-да шығу тегі белгісіз коронавирус табылды
Батыс Қазақстан облысында шығу тегі белгісіз коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Сырым ауданында 30 жастағы ер адамға қауіпті инфекция диагнозы қойылған. Бірақ дәрігерлер оның жұқтыру көзін таба алмай отыр.
Науқас сөзінше, ол коронавирус жұқтырғандармен байланыс орнатпаған және ауылдан шықпаған. Ер адам аудандық ауруханада жұмыс істейді. Науқас ауруханаға жатқызылды.
"Бұл облыс ішінде инфекция көзін таппаған алғашқы жағдай. Бізде 339 коронавирус инфекциясы тіркелген, олардың 70%-ы - Ресейден және Атырау облысынан әкелінген, ауысым жұмысшылары. Ал қалғандары - байланыс тұлғалары", - деді өңірдің тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөлімі бастығының орынбасары Мұстаев Нұрлыбек.
Хабарланғандай, ауру адаммен 60-қа жуық адам байланыста болған, олардың барлығы оқшауланған.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”