БҚО-да бір ауыл тұтастай карантинге жабылды
Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауылы ертеңнен бастап карантинге жабылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тасқала ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27 мамырдағы №3 қаулысына сәйкес, Тасқала ауылының эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып Тасқала ауылының аумағында 28 мамыр сағат 00.00-ден бастап карантиндік режимде шектеу және тыйым салу шаралары жарияланды", - делінген ауыл әкімідігінің Facebook-тегі жазбасында.
Атап кетерлік жайт, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 493 адам коронавирус жұқтырған. Бұған дейін аймақта Сырым ауданы мен Жәнібек ауылы карантинге жабылыпты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"