Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әйелімен ажырасқысы келмеген азамат оның жалаңаш суреттерін қайын жұртына жіберген

Батыс Қазақстан облысында әйелін бопсаламақ болған азаматтың басы бәлеге қалды. Ер азаматқа қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО тұрғыны әйелімен ажырасқысы келмеген. Әйелі көнбеген соң күйеуі қылмысқа барды. Ол әйелінің жалаңаш суреттері мен видеосын барлық таныстарына жіберемін деп қорқытты. Одан бөлек, балағат сөз айтқан видеосын туыстарына таратқан. Азамат әйелін ұялтып, өзіне қайтарғысы келіпті. Алайда енді ісін сотта қарайды.

Әйелі араша сұрап, полицияға арыз жазды. Ерлі-зайыптылардың  мәселесін енді сот шешеді. 

"Қазір порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Садырғалиева. 

Талқылау