БҚО-да ауыр жүк көліктерінің соқтығысуынан екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті
Батыс Қазақстан облысында ауыр жүк көліктерінің соқтығысуынан екі адам мен 39 жылқы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 15 мамырда сағат 23:56-да Қаратөбе ауданындағы Самара-Шымкент тас жолының 464 шақырымында болған.
"40 жылқы тиелген тіркемесі бар Камаз бен түрік нөмірлері Mercedes-Benz Actros жүк көлігі соқтығысып, өрт пайда болған. Ауыр жүк көліктері толығымен жанып, 39 бас жылқы өртенді. Автокөліктерден өртенген екі мәйіт алынды, бір адам түрлі жарақаттармен Сырым ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жеке басы анықталуда", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрт сағат 04:47-де сөндірілді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"