БҚО-да 9 жастағы бала үйдегі өрт кезінде екі інісін құтқарып қалған
Фото: gov.kz
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 9 жастағы Бейбарыс Тілекберген үйіндегі өрт кезінде інілерін құтқарып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Аралтөбе ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, өрт кезінде үйдің ішінде кішкентай балалар болған.
Осы сәтті 9 жастағы Бейбарыс абдырап қалмай, батылдық танытып, екі інісін үйден қауіпсіз жерге шығарған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шамамен 5 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
Ақтауда мысық әйел мен балаларды өрттен құтқарып қалды
ШҚО-да балаларды өрттен құтқарған мұғалім марапатталды
Көрсеткен ерлігі үшін Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Елдос Батталов Бейбарысқа алғыс хат табыстады.
“Жас баланың батылдығы мен жедел әрекеті адамдардың өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік берді”, – делінген департамент хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін жаңа жыл түні мейрамханадағы өрттен адамдарды құтқарған екі қазақстандық марапатталғаны туралы жазған едік.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған