БҚО-да 40 жастағы ер адамды өлтіріп кетті: 17 жастағы қыз күдікке ілінді
12 тамызда Коминтерн ауылында жер үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ZKO.KZ сайтына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша 12 тамызда таңғы сағат 10:00 шамасында Комитерн ауылында жер үйден 40 жастағы ер адамның өлі денесі табылған. Күдікті ретінде 19 жастағы жігіт ұсталды.
Сондай-ақ, полиция қылмысқа 17 жастағы қыздың да қатысы бар болуы мүмкін дейді. Ол тергеу кезінде анықталады.
«Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының «Абайсызда ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің немқұрайлылықпен немесе қылмыстық топтың өліміне әкеп соқтыруына» сәйкес күдікті сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады», – дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген