"Біздің сана тас дәуірінде": Желі қолданушысы Америкада қабырғаға жазу жазған қазақстандықтарды сынға алды (видео)
Әлеуметтік желі қолданушысы Америкада қабырғаларға жазу жазған қазақстандықтарды сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: коллаж Stan.kz
Видео авторының айтуынша, АҚШ-тағы Чикаго қаласының дәл орталығындығы қабырғаларға қазақстандықтардың бірі “Атырау”, дәл сол жерде екінші біреу “Шымкент” сөздерін қашап жазып кеткен. Автор бұл әрекетті “ақымақтық” деп атады.
“Біздің сана шынымен тас дәуірінде! Тасқа қашап ат жазу не ақымақтық? Білемін тарихта қалғың келеді, бір із қалдырғың келеді, бірақ тарихта қалу үшін, із қалдыру үшін басқа да амалдар көп қой! Өзіміздің қазақ деген атқа кір келтірмей, тыныш жүрейік, бауырларым”, – делінген жазбада.
Маңғыстауда жартасқа қызының есімін қашап жазған шенеунік тағы да қызметінен босатылды
Видео авторы өз жазбасында вандализм ұғымына түсінік беріп өткен.
“Бауырлар вандлизм ұғымы 445 жылы мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпаларының әрекетінен шыққан сөз. Вандализм тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі болып есептеледі”, – дейді жазба авторы.
Желі қолданушылары авторды қолдап, бұзақылардың әрекетін айыптайтын пікірлер қалдырған.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық туристің Италиядағы Помпей археологиялық саябағындағы ежелгі қабырғаға “ALI” сөзін қашап жазғаны үшін ұсталғаны туралы жазған едік.
@shakarimabdollaev Бауырлар вандлизм ұғымы 445 жылы мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпаларының әрекетінен шыққан сөз 😢 Вандализм тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі болып есептеледі. Біздің сана шынымен тас дәуірінде, әкең ! Тасқа қашап ат жазу не ақымақтық? Білемін тарихта қалғың келеді, бір із қалдырғың келеді, бірақ тарихта қалу үшін, із қалдыру үшін басқад да амалдар көп қой! Өзіміздің қазақ деген атқа кір келтірмей, тыныш жүрейік, бауырларым 🫂
♬ оригинальный звук - Шәкәрім Абдоллаев