Биылғы білім гранттарының саны 10 мыңға артады
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ағымдағы жылы бакалавриат, магистратура мен докторантураға қосымша 10 мың грант бөлінеді.

«Елдегі демография бойынша алдағы уақытта білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Соған байланысты биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантураға мемлекет есебінен бөлінетін гранттардың саны 10 мың орынға артатын болады. сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен гранттардың саны одан да көп болады деген сенім бар. Ондай норма Мәжілістің қарауында жатыр», — деді Сағадиев Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы 130 жоғары оқу орнында 520 мыңнан астам адам білім алады. 500 мыңнан астамы колледжде оқиды. Ал мектепке 2,8 млн оқушы барып жүр.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар