Бішкекте Қазақстанда биозертхана салуға қарсы митинг өтті
Бішкектегі Максим Горький атындағы саябақта Қордай қаласында биозертхана құрылысы салуға қарсы митинг өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kg басылымына сілтеме жасап.
(Сурет – Sputnik.kg)
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың соңына қарай ҚР-да аса қауіпті штаммдармен жұмыс істейтін зертхана салу жоспарлануда. Құжатқа сәйкес, зертхана Жамбыл облысының Гвардейск кентінде салынбақ.
BSL-4 зертханасы және қауіпті және аса қауіпті штаммдарды жинауға арналған жерасты қоймасы ашылмақ.
Наразылық білдірушілер биозертхана құрылысына қарсы шығып, оның Қырғызстан шекарасында орналасатынын және Бішкек нысаннан 80 шақырым жерде орналасқанын атап өтті.
Акцияға бірнеше ондаған адам келді. Олар "АҚШ-тың биолабораторияларына Қырғызстанның шекарасында орын жоқ", "Қордай биолабораториясының құрылысын тоқтату" деген плакаттарды ұcтап шыққан.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер