Біртүрлі дыбыстар шығады: Ақтаудағы мектептердің бірінде «елес» кезіп жүр (видео)
Ақтау тұрғындары түнде мектеп ғимаратынан шығатын біртүрлі дыбыстар жазылған видеоны көріп, қайран қалды. Видеоны метептегі күзетші түсірген екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақтау-Лада» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мектеп күзетшісінің сөзінше, №29 мектептің ғимаратында «елес» кезіп жүр. Оның айтуынша, түнде мектептің бос ғимаратында балалардың даусы мен жантүршігерлік түсініксіз дыбыстар естіледі екен. Шынымен де видеодан мұндай дыбыстар естіледі.
Автор видеоны түсіріп жүріп өзі де күліп, дұғаларды оқиды. Артынша ол шошып кетті.
Ал желі қолданушылары видеодағы дыбыстарды өздігінше түсіндіруге тырысты.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен