"Біреуі ұстап тұрып, екіншісі ұрды": Түркияда түнгі клуб күзетшілері қазақстандық туристі ұрып тастаған
Түркияда түнгі клубтың күзетшілері қазақстандық туристі сабап тастаған. Бұл туралы 18 жастағы жігіттің анасы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Соққының салдарынан 18 жастағы Павел Новиков бас жарақатын алған. Оның анасы Кристинаның сөзінше, оқиға 16 тамызда Белекте орын алған. Жас жігіт мейманхананың жанындағы түнгі клубқа барған екен. Алайда клубтың иесіне оның қыздардың жанында билегені ұнамай қалып, артынша бес күзетші жігітті сыртқа алып шығып, ұрып тастаған.
«Біреуі ұстап тұрып, екіншісі ұрған. Артынша ұлым жерге құлапты. Сол кезде оны тепкілей бастаған», - дейді әйел.
Зардап шеккен жігіттің анасы өзінің полицияға хабарласып, олардың қылмыстық іс қозғағанын айтты. Бүгінге дейін көптеген талдау тапсырған олар ендігі судьяны күтіп отыр.
Сонымен қатар әйел әзірге Қазақстанның елшілігімен хабарласа алмай отырғанын айтты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр