Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреуі де жанымда жоқ": Нұржан Қалжан өнердегі достарымен араласпайтынын мойындады

Танымал әнші Нұржан Қалжан өнердегі әріптес, достарымен араласпай кеткенін растап, алыстан сыйласатынын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nurzhan_halzhan/

Әнші “Хабарlike” бағдарламасында сахнадан қол үзіп қалғанын, 10 жыл өнерден алыстап кеткенін айтты. 

“10 жылда мен құрылысқа немесе басқа жұмысқа кеттім дей алмаймын. Өнердің бір шетінде жүрдім. Ортасына түскен жоқпын, оны мойындаймын. Сахнаға шықпадым, түсірілімдерге қатыспадым. Тек тойдың маңында жүрдім. "Кетемін" деп ауылға қайтқанның өзінде жатқызбады. Тыңдармандарым тойларына, қуаныштарына шақырып алды. Содан тойға барып, ақша тауып жүрдім”, – деді әнші. 


Өнер иесінің айтуынша, сахнадан қанша алыстап кетсе де, оны тыңдарманы жібермейді екен.

“Бір кездері ауылға қайтып, мал бағамын деген ойлар келді. Өйткені өнерден көңілім қалғандай болды. Өнерге оралу өте қиын. Қазақта "көзден кеттің, көңілден кеттің" деген сөз бар. Тіпті, қасыңдағы өнер адамдарының өзі сенің қайта шықпауыңа әрекет жасайды. Мысалы, мен биікті де көрдім. Әнім танымал болып, күнде қуанышқа, күнде мейрамға барғанда қасымда өнердегі 10-20 досым жүрді. Төменге құлаған сәтім де болды. Ол жақтың да, бұл жақтың да дәмін көрдім. Құлаған шағымда жаңағы достардың бірі де қасымда қалмады. Ол өмірдің заңдылығы да шығар. Бірақ сол өнердегі достарым мені көріп қалса, менсінбеушілікпен қарай бастады", – деді эстрада әншісі. 

Еске салайық, әншіні Майкл Джексонның продюсері жұмысқа шақырып, ол бас тартқанын жазған едік. 

Талқылау