Бір жасар қызды туыстары ұрып өлтірген
Қырғызстанда сот-медициналық сараптама Ясина есімді бір жастағы қызды ұрып өлтіргенін анықтады. Бұл туралы Ак-Суй ауданы милициясының басшысы Ұлан Канаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз сот-медициналық сараптама нәтижесін алдық. Онда бір жастағы қызды ауыр затпен ұрғаны айтылған. Жергілікті сарапшылар тергеудің қосымша екі сауалына жауап бере алмай отыр, сол себепті Бішкекте тағы бір сараптама жасалады. Тергеу жүріп жатыр", - деді Канаев.
Қызды оның нағашы әжесі 10 қаңтарда түнде Ак-Суй аудандық ауруханасына суық тиді деп алып келген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз есін жимастан қайтыс болған.
Марқұмның әжесі немересінің ауырып өлгеніне сенбей, милицияға арызданған. Өйткені ол қыздың денесі көгергенін байқаған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"