Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Биографиялық туынды": Төреғали Төреәлінің әйелі жақсы жаңалығымен елді қызықтырды

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбек отбасындағы соңғы жаңалықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tolkynturarbekkyzy/

Әншінің жұбайы әлеуметтік желіде белсенді. Ислам шеңберінде психология саласын дамытып жүр.  

“Жақында әннен де терең, отбасымыздан биографиялық керемет туынды шығады. Соңғы жұмыстары қалды. Дәл қазір қолдауларыңыз маңызды. Төрем екеуміздің жанымызды салып жатқан жобамыздың артында үлкен миссия жатыр. Біздің қоғам ерекше балалардың өзіндік орны бар екенін сезінсе дейміз. Әрі шынайы бақытқа лайық екендеріне, олардың ата-аналарының ешқандай кінәсі жоқ екенін барынша түсіндіргіміз келеді. Ойлап қарасам, Төрем екеуіміздің кедір-бұдырлы жолдармен жүріп келе жатқанымыздың артында, Алланың үлкен нығметі жатыр. Біз де пендеміз. Ерекше баланың ата-анасы екеніңді қабылдау да – ерлік. Бәрі біздің қабылдауымызға тікелей байланысты. Баланың айнасы – ата-ана. Қабылдауды былай қойғанда, миллион халықтың алдына ерекше баланы шығару оңай емес”, – деп жазды блогер. 



Сонымен қатар, денсаулығында кінәраты бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды жігерлендіретін жазба жариялады. 

“Адамның тәні сырқаттанса, жанына шипа екен. Әрине, бірден қабылдау қиын. Себебі адами логикаға сыйымсыз. Әр ана өзіне осындай баласы дүниеге келгелі “Мен қандай болдым?” деп сұрақ қойса екен. Қаншама өсек, ғайбат, пікір айту арқылы жүректің дертінен айыққан шығарсыз?! Бұл жай ғана басы. Күнделікті нығметті сезіне алып жүрсіз бе?”, – деді әншінің жұбайы. 

Айта кетейік, Төреғали мен Толқын 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр. Бесінші ұлына әнші ерекше есім қойған еді. 

Фото: https://www.instagram.com/tolkynturarbekkyzy/

Еске салайық, елге белгілі жанұя тұңғыштары Кәусардың денсаулығында кінәраты бар екенін жариялаған еді. 

Талқылау