Бас прокурордың орынбасары Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босату туралы өтінішіне пікір білдірді
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әсет Шыңдалиев қазақстандықтардан тез шешім қабылдамауды сұрады
“Ақша төлеп, құтылып кетті деген жоқ. Кез келген сотталған адамның өтініш жазуға құқығы бар. Бұған тек кей педофилдер, террористік және экстремистік қылмыс жасағандардың құқығы жоқ. Мұндай өтінішті бұлардан басқа сотталғандардың барлығы бере алады", — деді бас прокурордың орынбасары.
Сондай-ақ ол азаматтарды шорт кеспеуге шақырды
"Білмей жатып, қорытынды жасамаңыздар. Кез келген адамның өтініш беруге құқығы бар. Бұл арыз сотта қаралуда. Бұл оның босатылатынын білдірмейді. Оны тек сот шеше алады", – деді ол.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған