AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билл Гейтс жаңа пандемия туралы болжам жасады

Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс COVID-19-дың қауіпі айтарлықтай сейілгенімен алдағы уақытта тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Business Insider басылымына сілтеме жасап. 

Гейтс

Жыл сайынғы Қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясында сөз сөйлеген Гейтс COVID-19-дың қауіпі бірден сейілгенін айтты. 

"Бұл инфекция салдарынан кәрілік, семіздік немесе диабеттен зардап шегетін жандарда қауіпті аурудың пайда болу мүмкіндігі бірден азайды", – деді ол конференция барысында. 

Алайда Гейтс алда тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін айтты. 



"Бізде тағы бір пандемия болады. Жаңа пандемия коронавирустар тобынан өзгеше патогенмен байланысты болады", – деп қосты. 

Гейтстің сөзінше, егер инвестицияны қазір салса, медициналық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктер жаңа пандемияны жеңуге көмектеседі. 

"Егер әр мемлекет Австралияның істегенін қайталаса, мұны пандемия деп атауға да келмес еді", –  дейді кәсіпкер. 

Айта кетейік, бұған дейін Билл Гейтс әлемді климаттық апаттан құтқарудың жолын атаған еді. Ол бұл үшін бизнестің бағытын өзгертуді ұсынған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр