Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билл Гейтс коронавирустың ең қауіпті штамының пайда болуы қауіпі әлі де бар екенін мәлімдеді

Microsoft комманиясының негізін қалаушы, кәсіпкер және филантроп Билл Гейтс коронавирустың ең қаіуіпті штамы әлі де шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гейтс

Financial Times газетіне берген сұхбатында Билл Гейтс дүние жүзі COVID-19-дың өте жұқпалы және өлімге әкелетін нұсқасына тап болу қаупі әлі де бар екенін мәлімдеді.

"Бұл екіталай. Оның орындалуы бес пайыздан ғана асады. Мен жаман болжам жасағым келмейді, бірақ пандемия кезінде біз оның ең жаман көрінісін әлі көрмеген болуымыз мүмкін", – деді ол.



Гейтстің пікірінше, халықаралық топ құру қажет, оның міндеті жаһандық денсаулыққа төнетін қатерлерді жылдам анықтау және осы салада мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту болады.

Ол ел басшыларын денсаулық дағдарысын "назарда ұстауға" және болашақта пандемияның алдын алу үшін инвестицияны көбейтуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін коронавируспен 16 ай ауырған адамның тіркелгені туралы хабарлаған едік. Этикалық себептермен есімі аталмаған науқас бұл дертпен 505 күн ауырған.

Талқылау