Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі президент стипендиясын тағайындады: Оны кімдер алатын болады

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан президентінің стипендиясын министрліктер мен Назарбаев университеті арасында 2021 жылға бөлу туралы бұйрықты жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы алғанда 1 080 студент пен 8 магистрант президент стипендиясын ала алады.

Білім және ғылым министрлігіне – 914 (7 – магистратураға), мәдениет және спорт министрлігіне – 11, денсаулық сақтау министрлігіне – 89 (1 – магистратураға), ауыл шаруашылығы министрлігіне – 57, Назарбаев университетіне – 9 стипендия бөлінді.

"Қазақстан Республикасы президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 1993 жылдың 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ 2021 жылдың 24 маусымдағы №302 бұйрығымен 2021 жылға арналған стипендияны министрліктер арасында бөлу негізінде бұйырамын: қоса беріліп отырған президент стипендиясын 2021 жылға арналған жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық мәтінінде.

Мәдениет және спорт министрлігінің экономика және қаржы департаменті тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражат шегінде төленуін қамтамасыз етеді.

Білім министрлігі басшысының бұйрығын жария талқылау 2021 жылдың 9 қарашасына дейін өтеді.

Президенттік стипендия 3-курстан бастап бакалавриат бойынша және магистратураның екінші курсынан бастап оқитын студенттерге төленеді. Ақылы негіздегі студенттер де ала алады.

Президенттік стипендия мөлшері – 41 898 теңге, магистранттар үшін – 107 060 теңге.

Талқылау