Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім күні гүл сатушылар мен тігіншілер алғаш рет пайдасыз қалды

Білім күні гүл сатушылар пайданы емес, үлкен шығындарын есептеп жатыр. Алғаш рет 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл шоқтарын ешкім сатып алған жоқ. Бұл мереке гүлзарлар жақсы ақша таба алатын бірнеше мерекенің бірі еді. Олар мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған дейді. Коронавирус пандемиясы және қашықтан оқыту тігіншілерге қатты әсер етті. Тігін шеберханаларының жағдайы да көңіл көншітпейді. Көбіне мектеп формасының өндірісін бірден 30%-ға қысқартуға тура келді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Білім күнінде Алматыдағы гүл базарында клиенттер жоқтың қасы. Карантин режимі сатушылар үшін көптеген мәселелер алып келді. Әр қыркүйектің 1-і мұнда сатып алушылардың қарасы үзілмейтін. Қазір оқушылардың ата-аналары гүлдерге асығар емес. Сатушылар да бағаны көтермеуге тырысып жатыр. Мысалы, бір жыл бұрын астерден жасалған букет 1300 теңге, қазір бір жарым мың. Гладиолустың букетін 2 мыңға сатып алуға болады. Баға белгісі өзгерген жоқ.  

Кәмшат Белдібекова 10 жылдан бері гүл сатады.  Алғаш рет білім күні пайда болмағанын мойындайды. Әдетте, 1 қыркүйекте сатушылар 100 мыңға дейін ақша табатын.

"Карантинге байланысты сатылым азайды. Өзіңіз көріп отырсыз, оқушылар мен ата-аналар жоқ. Менің гүлдермен айналысқаныма 10 жылдан асты, бірақ 1 қыркүйекте бұл бірінші рет. Бағаны төмендетеміз, басқа не істейміз? Табыстан бүгін ғана емес, басқа күндерде де айырылып отырмыз. Шамамен екі-үш есе", - деді Кәмшат Белдібекова.

Шығындарын қазақстандық тігін компаниялары да есептеп жатыр. Соққы астында мектеп формасын шығарғандар да қалды. Бизнесмендердің айтуынша, биыл олар табыстың 95%-ынан айырылған.  Өндірісті 30%-ға төмендетуге тура келді. Бірақ цех жұмысшылары студенттерге арналған курткалар мен көйлектер тігуді жалғастыруда. Сатуды тоқтата тұруды жоспарламайды. Жағдай жақында өзгереді деп үміттенеді. 

"Барлығы тауарлармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Біз өз сатып алушымызды күтеміз, бірақ өкінішке қарай, балалар негізінен онлайн режимінде оқитындықтан, сатып алушылар жоқ. Бағаны өткен жылдың деңгейінде ұстап отырмыз. Біз оны әлі де көтеруді жоспарламаймыз, яғни биыл бәрі ескі бағамен киінгенін қалаймыз. Балаға арналған стандартты форма - бұл жиынтық: шалбар мен пиджак - 17 мыңнан тұрады. Ал қыздың жиынтық формасы 18 мың тұрады", - деді Angelcher тігін компаниясының бас бухгалтері Ольга Мартынюк.

Қашықтан оқыту қанша уақытқа созылады, әрине, эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Кәсіпкерлер, шамасы, оны жақсарады деп үміттенеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр