Билемегені үшін ұрып-соқты: Шымбұлақта 14 жастағы баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматыда полиция 14 жастағы жасөспірімді ұрды деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 22 наурыз күні кешке «Шымбұлақ» қонақ үйінің бірінде болған. Жасөспірімнің соққыға жығылғаны туралы продюсер Кәрім Таласан өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Шымбұлақтағы қонақ үйдегі мас адамдар тобы 14 жастағы баланы ұрып-соққан. Бала бірінші балалар ауруханасында жатыр. Мекеменің директоры Сергей Спицин осы адамдар тобымен үнемі бірге болған», - деп жазды Карим.
Жәбірленушінің әпкесі інісінің қазір ауруханада екенін айтты. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Оның айтуынша, мас адамдар тобы жасөспірімді биге шақырған, бірақ жасөспірім бас тартқан, ол үшін оны ұрып-соққан.
"Мәдиев Аян менің 14 жастағы інімді ұрып-соқты. Карантин талаптарын сақтамастан шенеуніктер өз бетінше демалып жүр. Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың атын жамылып алған. Менің екі інім мен әкем Шымбұлаққа қыдырып барған. Темірлан бөлмесіне шай алу үшін кафеге барғанда мас ер адамдар оны биге шақырыпты. Темірлан бас тартқаны үшін олар соққыға жықты. Даяшылар мен қонақ үй иесі араша түскен. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шақырылды. Ал қонақ үй басшылығы камера жазбасын өшіріп, шенеунік қонақтарын саунаға жасырды. Полицияны саунаға кіргізбей қойды", - деп жазды әпкесі Камила.
Күйеуден қорлық көргендер: Асылып қайтыс болған қазақстандық 4 әйелдің өліміне кім кінәлі?
Полиция жасөспірімді ұрып-соққан күдіктіні ұстадық деп мәлімдеді. Ол 1983 жылы туған Аян Мәдиев болып шықты.
«Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жасөспірім алған жарақаттардың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Назар аударыңыз, жасөспірім мен ер адам арасындағы оқиға шамамен 23:30-да болған. Ол кезде күдікті өз жолдастарымен бірге саунада болған. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің соңғы бұйрығы бойынша сауна бұл кезде жұмыс істемеуі керек еді.
Карантиндік нормаларды бұзғаны үшін полиция қызметкерлері ҚРКобАП-тың 425-бабы бойынша әкімшілік материал құрастырып, СЭС-ке жіберді. Сауна иелеріне айыппұл салынады.