Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейсен Құранбек аптасына бір күн таксист болып, жолаушыларды тегін жеткізіп отырған

Бейсен Құранбек алты күн журналист болса, жетінші күні таксист еді. Демалысты жеке басына арнамай, елге жақсылық жасау үшін жұмсаған. Ол туралы естелік айтқанда осындай жақсы қасиетін сөз етті. 

"Алты күн журналист, жетінші күн таксист. Кеше Өміржаннан естігенім. Аптаның бір күнін көлікке отырып алып көше кезумен айналысыды екен. Жәй жүріс емес. Кез келген жол бойында қол көтеріп тұрған адамды алып барар жеріне тегін жеткізіп отырыпты. Осыны дәстүрге айналдырып алған екен. Ақысы "Бата" еді. Бұл Бейсекеңнің көбіміз білмейтін бір ғана үлгі болар қыры, ал, әр қазақтың Бейсен ағамыз туралы өз айтары бар.

Алты күн арпалыстан кейін адам бір күн демалуы керек шығар. Бірақ, біздің Бейсен ағамызда ол да жоқ. Осы күнге дейін әр қазақты бауырына басып, әрқайсының тағдырына шанашырлықпен араласа жүріп өз күтімін ұмытып кетті. "Ел үшін туған ерлердің, алды-арты дария кең болар" дегені бекер емес! Ағалап жүруші едік. Енді... Рухы асқақ, еңсесі биік Бейсен Құранбек!!!", деп жазды белгілі фотограф Жеңіс Ысқабай парақшасында.


Бейсен Құранбек: Мен 20-дан асқанша қызға сөз сала алмадым, ұяң болдым


 

Талқылау