"Бейіт басында адамдарды жерлеумен айналыстым": Әйгілі рэпер Jah Khalib танымалдылыққа жетпей тұрғандағы өмірі жайлы сөз қозғады

Әйгілі қазақстандық рэпер, «Лейла», «Сегодня я нашел тебя», «Медина» сынды хит болған әндердің орындаушысы Jah Khalib (Бақтияр Мәмедов) есімі жер жармай тұрып немен айналысып, немен күн көргенін, танымалдылыққа қол жеткізбей тұрып өмірі қандай болғандығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жак халиб

Бұл туралы әнші Yuframe видеоблогерлеріне берген сұқбатында сөз қозғады. 

Музыканттың сөзінше, ол жастайыннан шығармашылыққа әуес болған. 11 жасында саксофоны бар рэпер атанып, достарымен бірге өзінің үйінде дыбыс жазу студиясын ашыпты. Бақтияр балалық шағы уайым-қайғысыз өткендігін жасырмады. 

"Не ішіп, не жеймін деген ой мені ешқашан мазаламады. Әкем бір қабаттағы үш бөлмені сатып алып, оларды қосып, бір пәтер жасап алды. Отбасымыз қымбат көлігі болды, ата-анам ақшаға келгенде қызғаныштық танытпады. Әкемнің мұнай өндірісінде жеке кәсібі болған еді. Бакуден Қазақстанға алдыртқан арнайы техникасы болды. Еліміздігі монополистердің біріне айналды. Миллиондап ақша тапты. Дегенмен әкем басқаның ала жібін аттау, өзгенің ақшасын қалтасына басу сияқты ой болмады. Ол - өте адал адам", - деді әнші. 

Алайда 2009 жылы рэпердің отбасының басынан күн туған көрінеді. Әлдебіреулер банктік алаяқтықтың көмегімен әкесінің мекемесін тартып алыпты. Кәсіпкер обасымен бірге қаңғырып далада қалыпты. 

"Алғашында кішкене қаражатымыз бар еді. Бірнеше пәтер ауыстырдық. Бір мезетте ақшасыз таусылып қалды. Пәтерді жалдап тұруға ақша табылмай қалды. Сол кезде анам әкеме өгей ағасының қала сыртындағы үйіне барып тұруға ұсыныс жасады. «Уақытша сол жерде тұра тұрайық, үйді жалдауға ақша кетпейтін болады», - деді анам. Сосын сол жаққа көшіп, тұра бастадық. Мен үшін біздің жаңа баспанамыз үйшіктей көрінді. Кең үйде, еш қысылмай тұрып үйреніп қалған балаға бұл жер біртүрлі болып көрінді. Газ жүйесі орнатылмаған, өзіміз пеш жағып жылытатынбыз. Үйдің іші үнемі суық. Міне осындай қызықты бастан өткердік", - деп қосты қазақстандық орындаушы. 

Сөзінше, осы кезден бастап басқалардың басына түскен қиыншлықтарды музыкант өз басынан өткеріпті. Содан кейін ғана еліміздің қарапайым тұрғындарының жағдайықанда екенін  түсініпті.

"Бұл жағдайдан соң жерге топ етіп, түскендей болдым. Үйінде пеш жағып, күн көретінінді айтып, қынжылудың еш қажеті жоқ екендігін білдім. Бастысы басында үйін бар. Қыстыгүні қалың күртеше киіп ұйықтайтынбыз, таңертең мұздап оянасың. Біз анамыз екеуміз кешігіп қалмау үшін, үнемі таңның атысымен қалаға аттанатынбыз. Сағат 5:45-те жүретін автобус әлдеқайда бос болатын. Кейін келе тұрмысымызға үйреніп те кеттік. Әсіресе, бұл жағдай әкеме қатты тиді. Өмір бойы мақсатыңа жетіп үйренген әкем үшін өзі біртіндеп тұрғызған зауытынан айырылып қалу қатты соққы болды. Дегенмен өзінің күйзелісін жеңу үшін ол қолынан келгенше тырысып бақты" - деп жалғастырды рэпер.  

Jah Khalib бірден үш студияда жұмыс істеп, қосымша ақша табу үшін сыра барларында немесе көлік жуумен айналысыпты. 

"Біздің жұмыс істемеген жеріміз қалмады: студиядан сыра барына, одан қайта басқа студияға барып жүретінбіз. Сосын мен бір жігіттермен танысып, кеденде заңсыз әрекеттермен айналысып кеттім. Тіпті зиратта да жұмыс істедім, ол жерде адамдарды жерлейтінмін. Күндіз-түні тыңбай, еңбек еттім. Дауыс әрлеуді, әндерді сатттым. Кей кездері қайырмасы дайын әуендерді де саттым. Өте қызық кез еді. Бірақ ол кезде менің күлуге шамам жоқ болатын", - дейді ол. 

Өзінің шығармашылығын жетілдіріп жүріп, Jah Khalib «Все, что мы любим» әнін жазады. Кейіннен бұл ән оның ТМД елдерінің арасында танымалдылығына әкеледі. 

"Алғашқы концертерімді бере бастадым. Шатаспасам 19 жаста едім. Біздің концерт алғашында 500 доллар болатын. Содан кейін 1000-1500 долларға көтерілді. Осының арқасында ата-анамды қалаға көшіріп, дұрыс үйге көшіріп алып келдім. Соңғы 5-6 жыл бойы кәсіби шығармашылығымды дамытып келемін. Тасым өрге домалап, құдайға шүкір бәрі түзелді. Бірақ көрген қиыншылықтарымды естен шығарған емеспін. Қазір сол күндерді еске түсіргенде, еріксіз күліп аламын. Себебі бұл жағдайда өтпегенімде қазіргі табысыма жетпес едім. Бұл сәттер мен үшін әрқашанда жайдары әрі мағызды болып саналады. Бұл өмірде менің бір түсінгенім: табыс жолында өзіңді аямау керек", - деді танымал әнші. 

Бұған қоса әртістің айтуынша, мәселеге тап болсаң, одан қашудың жолың емес, шешудің жолың іздеген жөн. 

"Өзіңді қолыңа ұстап, мәселеге тік қарап, оны шеше білген жөн. Талпынысыңды жоғалтпау маңызды. Жағдайды одан сайын ушықтырудың не қажеті бар? Қазір сенің өмірдегі тәжірибең болмаса, ешкім емессің. Ал өмірлік тәжірибе деген- ол сенің өмірлік жолың және оны мәселе деп қарастырудың қажеті жоқ", - деп аяқтады сөзін Jah Khalib.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Эйр Астана" ақпан айында Үрімші мен Бейжіңге ұшатын кейбір рейстерін қысқартады

Билетті қайта брондауды немесе қайтаруды айыппұлсыз жүзеге асырады

Қытайлықтарға Ресейге кіруге тыйым салынды 

Ресей қытайлық туристік топтарды қабылдауды тоқтатты

Сыртқы істер министрінің орынбасары: Қазақстан Қытаймен шекараны жаба алмайды

Қытайда қазіргі уақытта 1300 қазақстандық жүр екен

Нұр-Сұлтанда Қытайдан келген қыз ауруханада жатыр

2003 жылы туған қазақстанық қыз Нұр-Сұлтанға ауруханаға түсті

"Қазақ жігіті махаббат үшін Америкаға дейін барады": Қоянбаев өтірікшілерді "ақтап" фильм түсіргені туралы

Продюсер Әсел Сағатованың шын мәнінде қандай екенін түсінгенін тілге тиек етті

Министр Қытайдан келген қазақстандықтарға өтініш айтты

Біртанов азаматтарды дәрігерге қаралуға кеңес берді

Елімізде 200 теңгелік монета айналымға шықты

200 теңгелік қағаз банкнот әлі де төлем құралы болып саналады

Қазақстан студенттерді эвакуациялау үшін Қытайға арнайы комиссия жіберуге дайын

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Қазақстанда Қытайдан келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Науқастар вирустық инфекциялық күдікпен ауруханаға жатқызылды

Сыйақы бермейді, ақша жеп қойған: Түркістанда аурухана қызметкерлері басшысын кінәлады

Жұмысшылары еңбек жағдайлары мен әділетсіздікке наразылықтарын білдірді
Çàãðóçêà...