Берденов ісі бойынша сотта журналиске тілін шығарған судья жазаланбайтын болды

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сот отырысында журналиске тілін көрсеткен судья Әбинұр Қарабаевқа қандай шара қолданылғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарғы сот кеңесінің мәліметінше, Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық соттың судьясы Әбинұр Қарабаевтың әрекеті бойынша тәртіптік іс сот жюриі алқасының отырысында қаралды.
Сот жюрилері Қарабаевты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдап, оған ескерту түрінде жаза тағайындады.
Астанада мас күйде көлік жүргізіп ұсталған судья қызметінен кетпеген
Алматыда судьяның үкімді меңзегендей жасаған қимылы жұрттың сынына ұшырады (видео)
Еске салсақ, 2025 жылдын 18 тамызында Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастындық ісін қарау барысында судья Әбінұр Қарабаев камераға қарай тілін шығарып, бұл әрекеті журналистің видеосына түсіп қалған еді.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге