Белгородқа жасалған соққы салдарынан көз жұмғандар саны 21-ге жетті
Ресейдің Белгород қаласына жасалған әуе соққысы салдарынан көз жұмғандар саны 21-ге жетті. Тағы 110 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковтың сөзінше, 63 адамның жағдайы орташа, 30 адам ауыр жағдайда.
Соққы салдарынан 30 көппәтерлі үй, 344 пәтер мен 3 жеке үй зақымдалған. Олардың ішінде мектеп, лицей, балабақша да бар.
Қазіргі таңда аумақтық қорғаныстың 170 әскері Белгород қаласының мүлкін қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тартылған.
Еске салайық, бұған дейін Украина әскерлері Белгород облысына зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлаған едік. Белгородты атқылауға байланысты Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді сұрады. Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова мұның соңында Ұлыбритания тұрғанын айтты. Бір күн бұрын Украинаның атқылауына байланысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.
Әйел 20 мың теңгені ұсақтау үшін 2 500 теңге комиссия ұстаған қазақстандық банкке шағымданды
Бұл жағдай желіде де қызу талқыға түсті
Алматыда 200-ден астам ерекше баланың оқуына қатысты дау шықты: Ата-аналар тегін білімнен қағыламыз деп алаңдаулы
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады