Белгілі журналист және блогер Сандуғаш Дүйсенова ұсталды
Талдықорғанда журналист және блогер Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол жеке өмірге қатысты деректерді жариялады деген күдікке ілінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Процессуалдық шаралардан ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Қазір тергеу облыстық департамент бақылауында. Іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды", – деп жазылған полиция хабарламасында.
Журналист Қылмыстық кодекстің 147-бабы "Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу" бойынша күдікке ілінген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі