Алматыда карантиндік шектеулер өзгерді: Оқушылар мен студенттер қайда оқиды
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулы коронавирус инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жағдайында кәсіпкерлік субъектілері жұмысының оңтайлы режимін, халықты COVID-19-ға қарсы жаппай иммундауды жүргізуге дайындығын қамтамасыз етуге негізделген.
Жаңа қаулыға сәйкес:
- "ASHYQ" пилоттық жобасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілді.
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен "Қазпошта" АҚ бөлімшелері алдын ала жазба бойынша қызмет көрсете алады.
- Қоғамдық тамақтану объектілерінің келушілерге қызмет көрсетуімен жазғы алаңдарда ғана отыратын орындар 50%, бірақ 50 орыннан артық емес толтырылған кезде және үстелдер арасында 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат.
Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылының соңына дейін жатақханаларда тұрмай техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым мен ЖОО студенттері және жалпы білім беретін мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
Мұнымен қатар, ата-аналарының өтініші бойынша 1-5 сыныптарды қоса алғанда (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қосқанда), 15 адамға дейінгі балалар саны бар 9 және 11 (12) сыныптарды кезекші сыныптарға рұқсат етілді.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"