Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин Алматыда коронавирусты жұқтыру қауіпі жоғары орындарды атады

Алматының бас санитарлық дәрігері журналистермен онлайн-брифингте қаладағы коронавирусты жұқтырудың негізгі орындарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жұқтыру орындары бойынша сауда объектілеріне назар аудару керек деп айтқым келеді. Сауда объектілерінде науқастардың 40 пайызы жұқтырады. Сондай-ақ базарларды да атап өткім келеді. Базарларда 16 пайыз жұқтырады. Отбасы мүшелерінен жұқтыру да көп. Жастарда ауру асимптоматикалық түрде өтеді деп бірнеше рет айттық. Балалар мен ата-аналарды да жұқтырады.

Бүгінгі таңда бізде сауда-ойын-сауық орталықтары мен гипермаркеттерге барған кезде аурушаңдық жоғары. Сондай-ақ біз әлеуметтік-экономикалық нысандарда Ashyq жүйесін қарқынды енгізіп жатқанымызды атап өткім келеді", – деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар статистика туралы айта келе, бас санитарлық дәрігер Алматыда балалар арасында аурушаңдықтың өскенін атап өтті.

"Егер өткен жылы барлық кезеңде 281 науқас оқушы болса, биыл – 5 700 бала. Оқушылар демалыста екені түсінікті. Бірақ балаларды қауіпсіздендіріп, олардың адамдар көп жиналатын жерлерде болуын шектеу керек. Сондай-ақ науқастар арасында бір жасқа дейінгі 200-ге жуық бала бар", – деді Жандарбек Бекшин.

Талқылау