AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталды: "Дельта" штаммының үлесі 90 пайызға жетті

Алматыда коронавирустың "дельта" штаммын жұқтырғандардың үлесі 90 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр. 28 шілдеден бастап тәулігіне 1500 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Науқастардың 90 пайызы "дельта" штаммын жұқтырған. Тұрғындардың тағы бір бөлігінен дәрігерлер "ұлыбританиялық" және Ухан штаммдарын анықтады. Қалада коронавирустың төртінші толқыны басталды. Толқын шыңы тамыздың ортасында болады деп болжанып отыр. Халық шектеу шараларын дұрыс сақтамауынан вирус тез тарап жатыр. Халықтың көп бөлігі маска тақпайды, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды. Қала тұрғындарын карантинді сақтауға, вакцина салдыруға шақырамыз", – деді Бекшин.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин тұрғындар коронавирус инфекциясын жұқтыратын негізгі орындарды атады.

"Бір аптада алматылықтардың 30%-і сауда орындарында, 18%-і отбасындағы байланыс кезінде, 15%-і қоғамдық көлікте, 13%-і базарда, 4,6%-і демалыс саябақтарында, 4,1%-і дәріханада, 3%-і қала маңына сапар кезінде жұқтырған", - деді ол.

Cондай-ақ Алматыда Ashyq қосымшасының көмегімен "қызыл" мәртебесі бар 86 адамның рұқсат етілмеген орындарға келгені әшкереленген.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың мәліметіне сүйенсек, құқық бұзушылардың бәрі 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеген.

"Тағы 86 тұрғынның "қызыл" мәртебесі бола тұра қоғамдық орындарға келгені анықталды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Бұл жолғы ұсталғандардың ішінде карантин талаптарын екінші рет бұзған екі адам бар", – деді Сәдуақас Байғабылов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр