Байзакова ұлымен түскен суретін жариялады
Тұңғыш президент күні балалы болған атышулы Айжан Байзакова желіде ұлымен түскен фотосуретін жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетсек, 1 желтоқсан күні босанған Айжан Байзакова желідегі парақшасында босанғанға дейін перзентханада жүрген видеосын жариялап астына «Тұңғыш Президент күні босану? Қиын емес. Бүгін біздің алғашқы кездесуіміз болды. Достар, мен бір көргеннен ғашық болуға сенетін сияқтымын. Туған күніңмен, ұлым!», – жазған еді ол.
Желіде жағымсыз әрекеттерімен танылғанына қарамастан көпшілік блогерді ұлды болуымен құттықтап, жақсы ана атануына тілектес болып жатыр.
Көпшілік жазған лебіздердің арасында «Бауы берік болсын! Дені сау болсын!», «Құтты болсын, өзің де балаң да аман болыңдар!» деген сынды жазбалар көп.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"
Антибиотик беру, қымтап терлету: Инфекционист ЖРВИ кезінде жиі жіберілетін қауіпті қателіктерді атады
Балаларының қызуы түспеген ата-аналар әлеуметтік желіде алаңдаушылық білдіруде