Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байқоңырдағы балабақшада "Бессмертный полк" әскери шеруі өткізілді

9 мамырда, яғни ертең Байқоңыр қаласында Жеңіс күніне орай әскери шеру өтеді. Жергілікті тұрғындар, тіпті балабақшадағы сәбилер де мерекеге ерекше дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: әлеуметтік желіден

Қаладағы "Теремок" балабақшасында "Бессмертный полк" іс-шарасы өткен. Оған балалармен қатар ата-аналар, тәрбиешілер қатысып, барлығы ғимарат ауласында сап түзеп жүрген.

Еске салсақ, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған. Бұл тізімде 9 мамырда сағат 10:00-де қаладағы Ленин алаңында Жеңіс шеруі өтетіні жазылған.

3 сәуірде Қазақстан Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери парадтар өткізілмейтінін мәлімдеген.

Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттігіне байланысты жоспарланбайды, – деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазастанның иелігіне өтті. 1993 жылдан Ресей Федерациясына жалға берілді.

Былтыр мемлекет басшысы Қызылорда облысына сапары барысында "Байқоңыр" кешеніне ат басын тіреп, 2004 жылы басталған біріккен "Бәйтерек" жобасының жүзеге асу жайымен танысқан еді. Жоба мақсаты — уыты күшті зымырандарды таза экологиялық зымырандармен ауыстыру.

Талқылау