Байқаусызда бөтен картаға миллион теңге аударған: Сот ерекше істің нүктесін қойды
Байқаусызда бөтен картаға миллион теңге аударып жіберген қазақстандық әйелдің ісіне қатысты сот процесі аяқталды. Сот шешімімен банк қызылордалық әйелдің шатасып аударған соммасын толығымен қайтаруы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қызылордалық әйелдің байқаусызда жіберген ақшасы Қостанай облысы тұрғынының есепшотына түскен. Алайда ол өз картасына мұндай қаржының аударылғанын білмеген. Сонымен қатар банк түскен ақшаның жартысын ұстап қалған, себебі есепшот иесінің қарызы болған екен. Ал қалған соманы иесіне жіберген.
Банк ұстап қалған қаржы төңірегінде сот отырысы 2 айға жалғасқан. Нәтижесінде банкке толық соманы қайтару міндеттелді.
"Kaspi Bank" АҚ-дан Ақбөпеева Г.К. пайдасына 504 мың теңге мен сот шығыны 6 540 теңгені және өкілдің шығыны ретінде 50 мың теңге өндірілсін", – деп шешім қабылдады Әулиекөл аудандық сотының судьясы Әсел Ахметова.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"