Байбек: Алматыдағы үйлердің аулаларында ақылы тұрақтар болмайды
Алматыдағы тұрғын үйлердің аулаларында ақылы тұрақтар болмайды. Бұл туралы қала халқымен кездесуде әкім Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Оның айтуынша, автоматтандырылған автотұрақ қаланың орталық бөлігін автокөліктерден азайтуға және салықтарды ашық түрде алуға мүмкіндік береді.
«Кейбір жүргізушілер көліктерін аулаға қойып, қоқыс жәшіктеріне баратын жолды жауып, төлем жасаудан қашып жүр. Бұл мәселені шешу үшін пәтер иелері кооперативі арқылы тұрғындар аулаларын шлагбауммен қоршап, камералар орнатып, домофон қондырып алсаңыздар болады. Аулаларда ешқандай ақылы тұрақтар болайды», – деді әкім.
Сонымен қатар, арнайы көлікке (өрт сөндіру, жедел-жәрдем көлігі) қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пәтер иелері кооперативінен жауапты адамды анықтау қажет.
Ережелердегі өзгерістер екінші тоқсаннан бастап күшіне енеді.
Тағы оқыңыз:
Мұз айдынында билеп жатқан мәнерлеп сырғанаушының түймесі ағытылып кетті (видео)
Алматылық теміржолшы ана мен баланы өрттен құтқарып қалды
МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады