Баян Мақсатқызы тағы да қызды болды
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы тағы бір рет ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Өнер иесі осыдан 15 күн бұрын қызды болғанын сүйіншілеген еді.
“Сені сегіз жыл күттік. Алиса қызымыздан кейін, араға 15 күн салып, Алагөзова Алма Тұрсенғалиқызы дүниеге келді”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін, Баян Алагөзова бір қызды дүниеге әкеліп, Алиса есімін берген еді. Енді өнер жұлдызының 4 қызы бар.
Еске салайық, "Суррогат ананың көмегіне жүгінген” деп үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызын ел қызу талқылағанын жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған