Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Мен үшін өмірімде маңызды оқиғалардың бірі болды

Баян Мақсатқызының жаңа туындысының тұсаукесері шетелде өтті. Продюсер көрермен ықыласына бөленіп, ерекше бақытты сәтті бастан кешті. Шығармашылық ұжымға, Тұрсын Алагөзовке алғысын айтты. 

“Кеше әйел, азамат және маман ретінде мен үшін өмірімде маңызды оқиғалардың бірі болды. Фильміміздің әлемдік премьерасы өтті. Бұл туындыны әлемдік БАҚ, көптеген кинофестивальдер және, әрине, үлкен кинематографияның білгірлері көрді. Залдың реакциясы таңғалдырды, сіз оны ешқандай ақшаға сатып ала алмайсыз. Біздің туындының болашағы зор екеніне сенімдімін. Ең қызығы, залда, сондай-ақ баспасөзге арналған алдын ала көрсетілімде біздің БАҚ өкілдерінің бірде-бір өкілі болмады, бұл маған өте ыңғайсыз болды. Қалай болғанда да, біз әйелдерге қатысты жағдайдың, біздің сана-сезіміміз бен қарым-қатынас мәдениетіміз басқа деңгейге жетуі үшін бар күшімізді салдық. Краудфандингке қатысқан баршаға, бүкіл шығармашылық ұжымға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Ең қызығы алда!”, – деп жазды продюсер парақшасында.

Ол қаржылай қолдау көрсеткені үшін жолдасы Тұрсын Алагөзовке алғысын білдірді. 

Өнер өкілдері мен желі қолданушылары қолдау көрсетті. 

“Сізді және бүкіл командаңызды құттықтаймыз!”, – деп жазды режиссер Ақан Сатаев.

“Біздің мақтанышымыз”, – деді қызы Айсәуле Бақытбек. 

“Тезірек көрсек екен”, “Отандық туындыларымыз әлемдік деңгейге жете берсін”, “Нағыз өз ісінің маманы”, “Неге бірінші өз елімізде көрсетілмейді?”, “Сізді құттықтаймыз”, – деп жазды олар.


Талқылау