Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: "Кешью" тобынан шығып алып, өзім танылдым деп жүрген 1-2 қыз бар

Баян Мақсатқызы кейбір экс-кешьюік қыздарға өкпелі. Продюсер өзінің қоластында жұмыс істеп, алайда оны мойындамайтын кей әнші қыздардың әрекетін түсінбей дал. 

Бұл туралы "Папарацци" бағдарламасында айтылды. 

Баян Мақсатқызы жақында "Кешью" тобының 15 жылдық мерейтойының телевизиялық концертіне арнап түсірілім жасады. Алайда топ толық құрамда болмаған. Продюсер бір топта өнер көрсеткен аруларды бір сахнаға жинау қиынға соққанын мойындады.

"Кейбір қыздар келе алмады. Кей қыздар бас тартты. Өйткені, өздерін мүлде бұл топпен байланыстырғысы келмейді. Мен бұған ренжімеймін. Мен бұған күлкім келеді", - деді Алагөзова. 



Концертке келмеген қыздардың арасында Сара Амангелді мен Элизат Берікова да бар. Қос құрбы кезінде Кешью мен Лашын тобында да өнер көрсетті. Мерейтойдың түсіріліміне Жанар Дұғалова да келген жоқ. 

Баян ханым өзі түлеп ұшқан топты ұмытқан экс-солистердің әрекетін жақсылыққа балап отырған жоқ. 

"Мұндай бір-екі қыз бар. Олар "Кешьюде" өнер көрсеткен жоқпын. Баян Мақсатқызына да, Бағым Мақсатқызына да қатысым жоқ дейді. Қатыстарың бар, қыздар және дәл біздің арқамызда әртіс болып жүрсіңдер. Әркімнің өз көзқарасы бар. Әркім әртүрлі түсінеді. Ол үшін менің ешнәрсем кетпейді. Сіздерге ерегескенде айтарым сол", - деді продюсер.

Талқылау