Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Бетімнің кем-кетік тұстарын есіме сала берудің қажеті жоқ

Баян Есентаева бет-әлпетінің бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда өзгергенін айта беретін желідегі оқырмандарына жауап берді. Продюсер сыртқы сымбатында және жалпы өмірінде орын алған өзгерістерге өзгелердің көмегінсіз де төтеп бере алатынын мәлім етті.

баЯн_5

10 маусымда болған атышулы оқиғадан кейін 5 айдан аса уақыт өтті. Осы уақыт аралығында танымал продюсер денсаулығын қалпына келтіріп, шетелдерде ем алып қайтты. Бүгінде Есентаеваның беті бері қарады. Десе де желі оқырмандары оның түр-әлпетінің бұрынғымен салыстырғанда өзгешеленетінін байқаған. Сыртқы келбетін әрқашан мінсіз ұстайтын Есентаева үшін желідегі оқырмандарының пікірлері ауыр тисе керек-ті. Продюсер оларға жауап берді.

«Маған әркез бетімнің қалыпқа келмегенін еске түсіре берудің қажеті жоқ. Оны сіздер айтпасаңыздар да білемін, барлық надан және менің сыртқы келбетіме алаңдайтын жандар парақшамнан шығып кетіңіздер. Өмірімде және сыртқы келбетімде орын алған өзгерістерге өзім шыдас беремін», – деп жазды Есентаева желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Тұңғышбай Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді

Күйеуі Сиви Махмудидің туған күніне жаңа көлік сыйлады (видео)

Әнші Нұрлан Әміров: Еркектің қыдырмайтыны жоқ, ол үшін сөкпеңіздер

«Кеш you» тобындағы Ақбота тұрмысқа шықты ма? (фото)

Талқылау