Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дені сау адам бұлай істемейді": Баян Алагөзова белгілі блогерді өзін қорлады деп айыптап, сотқа берді

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Дана Орманбаеваны әлеуметтік желіде тіл тигізіп, абыройы мен қадiр-қасиетiн қорлады деп айыптап, сотқа берді. Сот отырысының екінші тыңдалымында айыпталушы тарап судьяны ауыстыруды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/danapartner

Сот отырысына Баян Алагөзова мен Дана Орманбаева онлайн форматта қатысты.

Продюсер Дана Орманбаеваның “с***а, м*****а” деп балағаттап, қорлағанын айтты. Осылайша абыройы мен қадiр-қасиетiне, іскерлік беделіне нұқсан келгенін атап өтті.

“Айыпталушы маған ғана емес, менің достарыма, күйеуіме, балама да тіл тигізді. Мұны не мақсатпен істеп отырғанын білмеймін. Дені сау адам мұндай нәрсе істемейді. Соған қарағанда психикалық ауытқуы бар ма деп топшылаймын”, – деді сот отырысына онлайн қатысқан Баян Алагөзова.

Дана Орманбаеваның адвокаты Таир Назханов жәбірленушіге “Сіз неше рет тұрмыста болдыңыз?”, “Өзіңізді бөтен отбасының шаңырағын шайқалттым деп ойламайсыз ба?” деген сұрақтар қойды. Алайда қорғаушының бұл сұрақтары алынып тасталды. 



Айыпталушы тарап судьяның объективтілігіне күмәнмен қарап, істі басқа судьяның қарауын талап етті. Бұл туралы Дана Орманбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында да жазды. 

“Біз судьяны ауыстыруды талап еттік. Таир Назханов, Абзал Қасымжанов өз ісін тамаша атқарып шықты. Жиналғандардың көз алдында талапкерден жауап алу кезінде ол жеңілді. Соттың әділетсіздігі көрер көзге анық байқалды. Талапкер қорғаушысының дөрекілік танытып, өзін-өзі ұстай алмағанын да көпшілік көрді”, – деп жазды Дана Орманбаева.

Дана Орманбаева мен оның қорғаушысы судьяның ауысуын талап еткендіктен сот отрысы аяқталды. Келесі тыңдалымның қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Бұған дейін Дана Орманбаева желіде орыс ұлтының өкілін “сасық” деп жәбірлеп, үстінен іс қозғалған еді.

Талқылау