Батыс Қазақстанда скотчты 9 мың теңгеден сатып алмақ болғандар анықталды
Еріктілер "Бірыңғай сатып алу терезесі" жүйесінің мониторингі барысында кеңсе тауарларына сатып алу бағасын көтеру фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау ұйымы жалпы сомасы 4 500 000 теңгеге немесе бірлігіне 9000 теңгеге скотч сатып алуды жоспарлаған. Мұндай бір скотчтың орташа нарықтық құны 250-500 теңге екен.
“Волонтерлердің ұсыныс хат жолдауы арқылы 4 250 000 теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынды. Бүгінде ақпарат жүйесі мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бюджет қаражатын онлайн-режимде ұтымсыз пайдаланудың алдын алу жөніндегі пәрменді құрал екенін атап өту маңызды”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, биыл еріктілердің қырағылығының арқасында 37 250 000 теңге үнемделді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"